Оралдық оқушылар республикалық байқаудан жалпыкомандалық екінші орынмен оралды

ОРАЛ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдық оқушылар Алматы қаласында өткен «Қазақстан – бақытымның ордасы» атты республикалық байқаудан табысты оралды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл байқаудың ерекшелігі ? мемлекеттік тілді меңгеру сайысынан өзге ұлт өкілдері сынға түсті. Қаладағы №39, 17, 25 және 35-мектептің жоғары сынып оқушыларынан құралған команда мұндай сынға бірінші рет қатысқанына қарамастан, жалпы есепте екінші орынды еншіледі. Оралдықтар құрамында татар, әзірбайжан, орыс ұлтының өкілдері болды. Атап айтқанда, Надир Гусейнов, Сираж Мусин, Нармина Абдурахманова, Надия Савельева, Елена Сладковалар қазақ тілін меңгеруді жетілдіре бермек. Жеңімпаздардың бірі Е.Сладкованың пікірінше, қазақ елінде тұратын әр азамат мемлекетттік тілді білуге міндетті.
Соңғы жаңалықтар