15:03, 10 Қаңтар 2010 | GMT +5
Оралдық жас әнші үшін өткен жыл табысты болды
ОРАЛ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралдық жас әнші Еркін Өтегенов үшін өткен жыл табысты болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Астана, Астрахан қалаларында гастрольдік сапарда болып, туған жері Ақжайық ауданында жеке концертін қойған Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі одан кейін «Қыдыр қонған Қызылорда» республикалық байқауының бас жүлдесін иеленді. Сондай-ақ ол Қазақ радиосының ән қорына өз орындауында бірнеше әнді енгізді.
2010 жыл қарсаңында «Сағындырған әндер-ай» мерекелік концертіне де қатысқан батысқазақстандық әнші Еркін Саят, Нұрсаят және Медет есімді жастармен бірлесіп Сейділдә Шәріповтің Оспанхан Әубәкіровтің сөзіне жазылған «Өзің, сәулем, іздегенім» әнін мәнеріне келтіре орындап шықты.
Жас әнші жаңа жылда да шығармашылық ізденістерін ширата түспек.