Оралдық жүзу шеберлері «Спорт есірткіге қарсы» республикалық фестивалінде жүлдегер атанды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Астана қаласында 8-9 қарашада «Спорт есірткіге қарсы» республикалық фестивалі өтті, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 12 команда қатысты.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, командалар үстел теннисі, жүзу және шағын футбол сынды спорт түрлерінен сынға түсті.
БҚО құрамасы жүзуден эстафеталық жарысқа қатысып, күміс жүлдегер атанды. Атап айтқанда, 1999-2001 жылғы Ілияс Саматов, Сұлтан Файзуллин, Мария Сағитова, Мәншүк Сағынғалиева төрттігі әрқайсысы 50 метрден жүзуге қатысып, қорытындысында екінші келді. Оларды Наталия Манкаева жаттықтырады.