Оралдықтар жазушы А.Святынинді соңғы сапарға шығарып салды

ОРАЛ. 20 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бүгін Орал қаласының жұртшылығы өңірге танымал қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Алексей Святынинді соңғы сапарға шығарып салды.

Оралдықтар жазушы А.Святынинді соңғы сапарға шығарып салды

Алексей Михайлович Святынин 1932 жылы 26 шілдеде БҚО-ның Приурал ауданында дүниеге келді. Сұрапыл соғыс жылдарындағы тұрғыластары сияқты еңбекке ерте араласқан ол жұмыс жасай жүріп, шығармашылықпен айналысты. Тұңғыш әңгімесі он үш жасында Мәскеу қаласында шығатын балалар газетінде жарияланды.

А.Святыниннің саналы ғұмыры Оралдағы «Зенит» зауытында өтті. Қатардағы жұмысшы бола жүріп, бірнеше прозалық кітаптарын жарыққа шығарды.

Қаламгер ұзақ жыл Қазақстан Жазушылар одағы БҚО бөлімшесінде қызмет етіп, кейінгі жастарға өзінің ақыл-кеңесін беріп отырды.