12:25, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
Оралдың «Ақжайығы» алдағы ойындарын өз айдынында өткізеді
ОРАЛ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» ақпанның 14-15-інде кездесулерін Воткинскіде «Знамя» командасымен өткізді,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Ақжайық» спорт клубынан түскен мәліметке сілтеме жасап.
Бірінші ойында оралдықтар 6:3 есебімен ұтса, екіншісінде 3:5 есебімен есе жіберді. Қазір топ басындағы «Ақжайықтың» 46 ұпайы бар. Алдағы кездесулерін «Ақжайық» өз айдынында, атап айтқанда, ақпанның 17-18-інде «Ракета» (Қазан), 21-22-сінде «Универсал» (Саратов), 24-25-інде ЦСК ВВС (Самара) командаларымен өткізеді.