18:38, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Оралдың «Ақжайығы» өз айдынындағы екі кездесуде де жеңіске жетті
ОРАЛ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Сенбі, жексенбі күндері өз айдынында допты хоккейден Димитровградтың «Черемшан» командасын қабылдаған Оралдың «Ақжайығы» екі ойында да жеңіске жетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі,
Оралдықтар бірінші кездесуінде 5:3 есебімен ұтса, екіншісінде қарсыластарын 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Команда бастығы Сәулет Рафиковтың сөзіне қарағанда, допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы екінші тобында қазір «Ақжайық» 27 ұпаймен топ бастап келеді. Саратовтың «Универсалының» да осыншама ұпайы бар, бірақ олардың өткізген ойындары әлдеқайда көп.