Оралдың «Ақжайығы» өз айдынындағы екі ойында да жеңіске жетті

ОРАЛ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы бірінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» желтоқсанның 26-27-сінде Самараның ЦСК ВВС командасын қабылдап, екі ойында да жеңіске жетті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алғашқы ойын 6:4 есебімен оралдықтардың пайдасына аяқталды. Мұнда айдын иелерінен тәжірибелі ойыншы Алексей Фошин бес доп соғып, мергендік танытты. Сондай-ақ команда капитаны Владислав Новожилов та өз мүмкіндігін қалт жіберген жоқ. Ойынның ең соңғы минуттарында қонақтар үш доп соғып, есепті 6:4-ке дейін қысқартты.

Екінші матчта оралдықтар 5:2 есебімен басым түсті. Бұл жолы «Ақжайықтан» Эдуард Кондратьев екі доп енгізсе, А.Фошин, В.Новожилов,Сергей Кем бір-бірден көзге түсті. Сөйтіп «Ақжайық» екі ойында да қонақтарды тізе бүктіріп, бұдан бұрынғы Самарадағы жеңілістерінің есесін қайырды.

Алдағы кездесулерін батысқазақстандықтар сырт айдындарда өткізеді.

Соңғы жаңалықтар