Оралдың «Ақжайығы» сырт айдында төрт ұпайға қол жеткізді

ОРАЛ. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» ақпанның 7-8-інде кезекті кездесулерін Димитровградта жергілікті «Черемшан» командасымен өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оралдықтар бірінші ойында 5:4 есебімен жеңіске жетсе, екіншісінде 1:1 есебімен тең ойнады. Сөйтіп төрт ұпайды иеленді. Қазір «Ақжайық» өз тобында 37 ұпаймен көш бастап келеді.
Соңғы жаңалықтар