Оралдың «Ақжайығы» «Волга-2» командасымен екінші ойынында ұтылып қалды
ОРАЛ. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ақпанның 18-інде допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы бірінші тобында ойнайтын командалар кезекті ойындарын өткізді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ульяновскіде «Волга-2» командасымен күш сынасқан Оралдың «Ақжайығы» 3:8 есебімен есе жіберді. «Ақжайық» өз тобында үшінші орында келеді.
Оралдықтар келесі кездесулерін өз айдынында ақпанның 20-21-інде екінші орында келе жатқан Саратовтың «Универсалымен» өткізеді. Осы екі ойында ұтса, «Ақжайық» екінші орынға көтеріледі.