Оралдың «Ақжайығы» «Волга-2» командасын ойсырата жеңді

ОРАЛ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» ақпанның 5-інде «Волга-2» (Ульянов) командасымен қарымта кездесуін өткізіп, тағы да ірі есеппен жеңіске жетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгінгі ойын 10:0 есебімен аяқталды. Марат Хайретденов есеп ашқан матчта команда капитаны Алексей Фошин мен Эдуард Кондратьев қарсыластар қақпасын үш реттен дәл көздеді. «Ақжайықтың» жас қақпашысы Ілияс Хайрекешев те сәтті ойнады. Оралдықтардың бапкері Алексей Никишовтың айтуынша, негізгі қақпашы Вячеслав Горчаков, сондай-ақ белді ойыншылар Владислав Новожилов пен Денис Цибриенко жарақаттарына байланысты ойынға қатыса алмай отыр. Барлығы 33 ұпаймен өз тобында алда келе жатқан «Ақжайық» енді сырт айдында, Димитровград, Ульянов, Воткинск қалаларында жергілікті «Черемшан», «Волга-2», «Знамя» командаларымен кездеседі. Олар өз жерінде барын салары анық.
Соңғы жаңалықтар