Оралдың «Ақжайығы» «Волга-2» командасын тағы да екі рет ұтты

ОРАЛ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» кезекті кездесулерін Ульяновскіде «Волга-2» командасымен өткізді,

Оралдың «Ақжайығы» «Волга-2» командасын тағы да екі рет ұтты
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұдан бұрын «Ақжайық» бұл команданы өз айдынында ірі есептермен жеңген болатын. Оралдықтар сырт айдында да көп қинала қойған жоқ. Бірінші кездесу 7:1 есебімен аяқталса, екіншісінде де «Ақжайық» ширақ ойнап, 5:2 есебімен қарсыласын тізе бүктірді. Қазіргі кезде 43 ұпай жинаған «Ақжайық» ақпанның 14-15-інде Воткинскіде «Знамя» командасымен күш сынасып, содан кейін өз айдынына оралады.