15:44, 22 Қаңтар 2009 | GMT +5
Оралдың «Ақжайық» футбол клубы алдағы маусымға әзірленуде
ОРАЛ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Футболдан Оралдың «Ақжайығы» алдағы маусымға әзірленуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оралдық бапкер Виктор Каблов бастаған жергілікті мамандар жаттықтыратын команда құрамында пәлендей көп өзгеріс жоқ. Украиндық легионер Андрей Белоусов командамен қош айтысса, Шымкенттің «Ордабасынан» Михаил Любимкин, Мейрам Сапанов, Андрей Арбеков, Эльдар Әбдірахмановтар қайтып оралды. Сондай-ақ №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен бірнеше жас байқаудан өтпек.
«Ақжайық» алдағы ақпанда оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін Түркияға аттанады.