13:40, 02 Қаңтар 2009 | GMT +5
Оралдың кішкентай аруы мен сұлтаны анықталды
ОРАЛ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында «Оралдың кішкентай аруы мен сұлтаны» атты байқау мәреге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған 6-13 жас аралығындағы балалар қатысып, сынаққа қырық шақты балдырған келсе, соңғы айналымға олардың жартысы ғана өтті. Сайыс қорытындысында жеті жасар Антонина Казанина жеңімпаз атанды. Ол дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернаты кешенінде оқиды, мемлекеттік тілді жақсы біледі. 10-13 жас аралығындағылардан Сәуле Жүсіпова, кішкентай «жігіттерден» Әлихан Әжіғалиев үздік шықты.
Жеңімпаздар маусым айында Қарағанды қаласында өтетін республикалық байқауға қатысады.