Оралдың «Конденсаты» қола жүлде үшін күресуде
ОРАЛ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Алматы қаласында волейболдан ұлттық лиганың ерлер командалары арасында өтіп жатқан плей-офф бәсекесінде Оралдың «Конденсаты» қола жүлде үшін күресуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жартылай финалда «Атыраумен» жұп құраған оралдықтар бұл кездесулерін аса тартысты өткізген болатын. Бірінші ойында атыраулықтар 3:1 есебімен ұтса, екінші кездесуде оралдықтар 3:0 есебімен есе қайырған еді. Соңғы, шешуші бәсекеде атыраулықтар 3:2 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды. Олар өткен жылғы ел чемпионы «Алматымен» алтын жүлде үшін таласуда. Ал оралдықтар қола жүлдені «Алматыдан» оңай жеңілген «Казхром» (Хромтау) командасымен сарапқа салуда.