Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оралдың «Конденсатынан» ел құрамасына қос ойыншы шақырылып отыр

ОРАЛ. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдың «Конденсатынан» волейболдан ел құрамасына қос ойыншы шақырылып отыр,

Оралдың «Конденсатынан» ел құрамасына қос ойыншы шақырылып отыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Команданың тәжірибелі ойыншыларының бірі Қайрат Байбеков пен Виталий Вориводин (олардың екеуі де ? Орал волейболының түлегі) мамырдың 5-інде атақты жаттықтырушы Геннадий Паршин баптайтын Қазақстан құрамасымен бірге Түркияға аттанбақшы. Онда қазақстандықтар Қытайдың Тайпэйінде мамырдың 22-24-інде өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне әзірленбекші. Биылғы ел чемпионатында сондай-ақ тағы бір оралдық жас ойыншы Мирлан Бадашев та жақсы өнер көрсетті.