Оралға қарасты Ветелки елді мекенінде жаңа көпір салынуда
ОРАЛ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралға қарасты Ветелки елді мекенінде Деркөл өзені арқылы өтетін жаңа көпір салынуда.
Қала әкімі Самиғолла Оразовтың сөзіне қарағанда, көпір құрылысын мердігер ұйым «ОрионСтройСервис» ЖШС биылғы шілдеде бастады. Биыл көпір құрылысының негізгі жұмыстары атқарылып, кіреберіс жолдар салынады. Жобаға сәйкес көпірге жалғасатын ұзындығы 800 метр жолға асфальт төселіп, жағалау бекіту, аяқжол салу да қоса жасалады.
Құны 358 млн. теңге көпір құрылысын алдағы жылы бітіру көзделіп отыр.