Оралға ресейлік ғалымдар келді

ОРАЛ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық бөлімшесі төрағасының орынбасары Қуанышбай Төлебаев Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербор қалаларындағы казак мәдениеті қорының фольклорлық-этнографиялық экспедициясы мүшелерімен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осы аймақтағы құнды фольклорлық-этнографиялық деректерді, жадығаттарды жинау, зерттеу мақсатында келген казак мәдениеті қорының президенті Юрий Чирков, ғылыми жетекшісі Евгений Коротин және зерттеушілер Валентин Харпалев, Наталья Манушкинамен болған жылы шырайлы жүздесу барысында Қ.Төлебаев меймандарды Жайық өңірінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырды. Аталмыш экспедицияны ұйымдастыруда кезінде Орал педагогикалық институтында ұзақ жыл еңбек еткен белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы Е.Коротиннің еңбегі мол. Ю.Чирков Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени ынтымақтастықтың дамуына Қазақстан халқы Ассамблеясының қосып отырған үлесін жоғары бағалады.
Соңғы жаңалықтар