Оралмандар мемлекеттік квота алумен байланысты проблемаларды көтерді -«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауы

ТАЛДЫҚОРҒАН. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының оралмандары мемлекеттік квота алу кезінде көптеген проблемаларға кездесіп отыр. Бұл туралы олар «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының көшпелі қоғамдық қабылдауында мәлім етті.
None
None

«Облыстық көші-қон басқармасына жетудің өзі оңай емес. Ол Талдықорғанда орналасқан, ол жаққа барып-келудің өзі 600 шақырымдай жер. Оған қоса, арада өз қызметтерін ұсынған небір делдалдар жүреді. Бірнеше рет аузымыз да күйді. Басқарма қызметкрелері біздің ауданымызға келіп, квотаға құжаттарды осы жерде қабылдауға болмас па екен?», - дейді оралман Имаш Жұмаш.

Аудандық әкімдікте мемлекеттік квотаға құжаттарды ресімдеу кезінде сол жерде заңгерлік және тәжіибелік көмек көрсететін көші-қон басқармасының өкілі жоқ. Алматы облысының барлық ауданында осындай жағдай қалыптасып отыр.

Соңғы жаңалықтар