Оралмандар «Нұр Отанның» Алматы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына көмек сұрап келді

ТАЛДЫҚОРҒАН. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Панфилов аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясының жұмысы сын көтермейді. «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының көшпелі қоғамдық қабылдауында болған Қытайдан келген оралмандар осындай мәлімдеме жасады.
None
None

Олардың айтуынша, көші-қон полициясының қызметкерлері оларды түрлі мекемелерге әрі-бері «айдап», олардың құжаттарын ресімдеуді тым ұзаққа салып отыр.

Мысалы, Қоңырөлең ауылында тұратын бес оралман 2007 жылдан бері қазақстандық азаматтықтарын ресімдей алмай келеді.

«2008 жылдың сәуір айында азаматтық алуға құжаттарымды тапсырған болатынмын. Содан бері құжаттарымның әзір болғанын не болмағанын біле алмай әлекпін. Қытайлық төлқұжаттың мерзімі өтіп кеткен. Құжаттарымның жағдайын білейін десем, кабинеттер қашан келсем, жабық. Қай елдің азаматы екенімді біле алмай далмын. Не істеймін, мені не күтіп тұр?», - дейді оралман Бақдәулет Әбежан.

Қазіргі таңда Панфилов ауданында 350 оралман Қазақстан Республикасының азаматтығын ала алмай отыр.

Соңғы жаңалықтар