Оралмандар үшін салынып жатқан «Бәйтерек» ауылында инфрақұрылым жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр

ТРОПАВЛ. 30 шілде. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы оралмандарға арнап салынып жатқан «Бәйтерек» ауылында инфрақұрылым жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Оралмандар  үшін  салынып  жатқан  «Бәйтерек» ауылында   инфрақұрылым жұмыстары  белсенді  жүргізіліп жатыр

102 миллион теңгенің тендерін жеңіп алған «Су-808» ЖШС қазір ауылда жол салып жатыр. Жолшылар жұмысқа 15 шілдеде кірісті, жоспарланған жұмыс көлемі тамыз айының ортасына қарай аяқталып қалады.

Жол-құрылыс компаниясының директоры Виктор Лидің айтуынша, биыл кәсіпорын ені 6 метрлік 2200 метр асфальт жолын және 2800 метрдей құм-тас қоспалы жол төсеуі керек. Оған қоса, жол жиектерін реттеу жұмыстары тағы бар.

«Бәйтеректе» инфрақұрылым тарту жұмыстары қызу қарқынмен жүріп жатыр. Биыл ауылға тағы 100 отбасын жайғастыру жоспарлануда.