Оралмандардың төлемақысын жалған құжатпен алып отырған қылмыскерлер құрықталды - Қаржы полициясы
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, Атырау облысында К. есімді әйел азаматтың ісі сотқа жіберілді. Ол медициналық-әлеуметтік сараптаманың жалған актісі негізінде туберкулезге шалдыққандардың 2-топ мүгедектігін алған. Осының нәтижесінде жалпы сомасы 1 млн. 200 мың теңгенің бюджеттік қаражатын заңсыз иеленген. Ал Солтүстік Қазақстан облысында 3 азаматқа қатысты қылмыстық іс айыптау қорытындысымен прокуротураға жіберілді. Олар жалған төлқұжаттар мен туу туралы куәліктер арқылы оралмандарға төленетін жәрдемақыны алып отырған. Бюджетке келген шығын - 1 млн. 300 мың теңге.
Сондай-ақ Маңғыстау аудандық ауруханасының бұрынғы бас бухгалтері Ш. Рамазанова және Зайсан қаласы мектеп-интернатының бас бухгалтері Т. Тоғанасова 2,5 млн теңге көлеміндегі қаражатты жымқырғаны үшін шартты түрде бас бостандығынан айырылды.