Оразбек Асылқұлов бокстан Азия чемпионатының 1/4 финалына жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазіргі таңда Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Оразбек Асылқұлов бокстан Азия чемпионатының 1/4 финалына жолдама алды
Фото: ҰОК

Ерлер құрамасынан алғаш болып шаршы алаңға Оразбек Асылқұлов шықты. Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Филиппин өкілі Пол Джулифер Басконды айқын басымдықпен жеңді. Осылайша ол  ширек финал жолдамасына еш қиындықсыз қол жеткізді. 

Айта кетейік, Оразбек Асылқұлов 1/4 финалда жапониялық Шунсуке Китамотомен кездеседі. 

Бұған дейін бүгін Азия чемпионатында қазақстандық бір боксшы сынға түсетінін хабарлаған едік.