OrdaMed компаниясының басшысына іздеуге жариялады
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР ҰҚК «Ordamed» АҚ басқарма төрағасы Еркін Длімбетовке іздеу жариялады. Бұл туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды.
Порталдағы мәліметке сәйкес, Еркін Длімбетов 2026 жылғы 28 қаңтардан бастап ресми түрде іздестіріліп жатыр. Ал іздестіру ісі Астана қаласында тіркелген.
Іздестіруді ҚР ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізеді.
Бұған дейін ҰҚК «Ordamed» компаниясының бірқатар басшылық өкілдерін, атап айтқанда техникалық директорын, бұрынғы басқарма төрағасын және өндірістік басқарма басшысын қамауға алған еді.
Тергеу деректеріне сәйкес, «Ordamed» АҚ басшылығы заң талаптарын белден басып, мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келтірген.
Атап айтқанда, компания 28 түрлі медициналық жабдықты өз өндірісіміз бар деген жалған дерекпен жеткізген.
Айта кетейік, ҰҚК Қуат Ақшабаевқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады.