Өркендеуде Білім күні жаңа мектепте атап өтілді

ШЕТАУ. Қыркүейктің 1-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Қорғалжын ауданының  Өркендеу ауылында Білім күні жаңа мектепте «Конституция - Ата заңымыз» тақырыбымен бастау алды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарты ғасырға жуық уақыт бойы балғындарға білім беріп, өмірге  жолдама сыйлап  келген мектеп үйінің тозығы жетіп, әбден ескірген еді. Осыған орай облыстық бюджеттен 135 миллион теңге қаржы қарастырылып, тендрде жеңіске жеткен «Рахметжанов» жеке кәсіпкер уақыт оздырмай құрылысты қолға алған еді. Міне араға екі жыл салып, сәулетті мектеп үйі іске қосылып, балғындар игілігіне тарту етілді. Екі қабатты 120 орындық мектепте 11 сынып-кабинет, спорт зал мен шағын спорт алаңы, асхана мен мектеп табалдырығын жаңада аттаған балғындардың жатар орны ескерілген. Бір атап өтерлігі, мұндағы  мультимедиа және лингафон  кабинеттері, тігін және шеберлер бөлмелері өскелең талапқа сай  жабдықтармен жарақталған, оларда тиянақты білім берер ұстаздар да іріктеліп алынған. Құрылыс жұмыстарын сапалы жүзеге асырған ұжым жетекшісі Ғалым Рахметжанов пайдалануға беріліп отырған білім ошағының  кілтін  мектеп директоры  Мақсұт Ералинге салтанатты түрде табыс етіп, аудан әкімі Сұлтан Қасенов барша ауылдастарын осынау қуанышпен шын жүректен құттықтады. Өз кезегінде ортақ қуаныштың куәсі болған облыс әкімінің орынбасары  Ғалым Бекмағанбетов барша мектеп бүлдіршіндеріне сәт сапар тілеп, білім жолында аянбай ізденулеріне тілектестігін білдірді. Ауыл ақсақалдары бата беріп, ақ алғыстарын жаудырса, ақ шашты әжелер  шашу шашты, жергілікті өнерпаздар ән айтып, би биледі. Алғашқы қоңырау соғылып, сәулетті  ғимараттағы жаңа оқу жылы басталып кетті.

Соңғы жаңалықтар