Орлов шахтасында түтін шығып, жұмысшылар эвакуацияланды
АСТАНА. KAZINFORM — 8 тамызда сағат 22:05-те Орлов шахтасының 10-шы кенқабатында түтін байқалды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес түнгі ауысым қызметкерлері жер бетіне эвакуацияланды.
Тау-кен қазбаларын тексеру және түтіннің шығу көзін жою жұмыстарына тау-кен құтқару қызметі жұмылдырылды.
Тексеру барысында түтін Monomatic бұрғылау қондырғысы орналасқан аумақта болғаны анықталды. Түтіннің шығу ошағы жедел жойылды. Зардап шеккендер жоқ.
Бұрғылау қондырғысына зақым келді. Алдын ала мәлімет бойынша, түтіннің шығуына электр кабелінің зақымдануы себеп болуы мүмкін. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Шахта қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Айта кетелік Қарағанды облысында экологтер шахтаға 2 млн теңге айыппұл салған еді.