14:26, 02 Қыркүйек 2014 | GMT +5
Орманда адасқан әйел тоғыз күннен соң табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тоғыз күн бойы 42 жастағы әйел тамақтанбай, тек бұлақтың суын ғана ішкен. Ақ халаттылар оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.

Камчатка өлкесі бойынша ІІМ басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Елена Овчинникованың айтуынша, Вилючинск қаласының тұрғыны іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған. Оның пәтеріне әлеуметтік қызметкерлер жиі келіп, көмектесетін болған. «Олар 24 тамызда келген сәтте әйел үйінде болмай шықты. 26 тамызда полицияға хабар берілді", - дейді Овчинникова.
Көп күнге созылған іздеу нәтижесінде әйел Вилючинскіден 7 шақырым жерде, Паратунка өзенінің маңынан табылды. Ол әлсіз болғандықтан өздігінен қимылдай алмады, деп қосты ведомство өкілі.