Ормуз бұғазы арқылы Оман бағытымен кеме қатынасы күрт азайды

АСТАНА. KAZINFORM — Оман жағалауы бойымен өтетін Ормуз бұғазы арқылы кеме қозғалысы бірнеше кеменің бағытын өзгерткеннен кейін ең төменгі деңгейге дейін азайды, деп хабарлайды ТАСС.

Ормуз бұғазы арқылы Оман бағытымен кеме қатынасы күрт азайды
Фото: CNA

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, 3–4 шілде күндері Оман бағытымен Ормуз бұғазы арқылы өткен кемінде сегіз кеме күтпеген жерден кері бұрылған. Оның төртеуі кейін бағытын өзгертіп, Иран жағалауы бойымен жүруді таңдаған.

Бағытын өзгерткен кемелердің қатарында мұнай танкерлері, құрғақ жүк тасымалдайтын кемелер және автотасымалдаушылар болған.

Kpler сараптамалық компаниясының дерегіне сәйкес, 4 шілдеде Ормуз бұғазынан екі бағытта барлығы 19 кеме өткен. Алайда олардың тек біреуі ғана Оман бағытымен жүргенін ашық мәлімдеген. Ал 3 шілдеде бұл бағытпен 13 кеме жүрген.

Оқиғаға қатысты ресми түсініктеме әзірге жарияланған жоқ.

Бұған дейін Тегеран Ормуз бұғазы арқылы өту ережелері бұзылған жағдайда «қатаң жауап» берілетінін ескерткен.

Айта кетелік Ормуз бұғазы арқылы тәулігіне 10 миллион баррельге дейін мұнай тасымалданады