Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ормуз бұғазында ADNOC компаниясының екі кемесіне шабуыл жасалды

АСТАНА. KAZINFORM – Абу-Даби ұлттық мұнай компаниясының (ADNOC) екі кемесі Ормуз бұғазынан өтіп бара жатқанда шабуылға ұшырады. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Ормуз бұғазында ADNOC компаниясының екі кемесіне шабуыл жасалды
Фото: Fars News

ADNOC мәліметінше, оқиға 13 тамыз күні кешке болған.

– Екі кеме Ормуз бұғазынан өту кезінде шабуылға ұшырады. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, жағдай бақылауда, – деп мәлімдеді компания.

БАӘ-нің WAM ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елдің Сыртқы істер министрлігі шабуылға Иранды жауапты деп санайды. Абу-Даби Тегераннан агрессивті әрекеттерді тоқтатып, «бұғазды толық әрі ешқандай шартсыз ашуды» талап етті.

8 тамызда да ADNOC кемелерінің бірі Ормуз бұғазында зымыран шабуылына ұшыраған. Компания мәліметінше, ол кезде зардап шеккендер болмаған.

Бұған дейін ADNOC аймақтағы қақтығыс басталғалы Ормуз бұғазында компанияның 15 кемесіне зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы шабуыл жасалғанын хабарлаған.

Бұл шабуылдар салдарынан экипаждың бір мүшесі қаза тауып, тағы 20 адам жараланған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Иран Ормуз бұғазын ашудың шартын атағанын жаздық.

Ал Жапония Ираннан бұғаз арқылы өткен кемелерден қосымша ақы алмауды талап етті.