Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ормуз бұғазында бірнеше кеме шабуылға ұшырады

АСТАНА. KAZINFORM — Ормуз бұғазындағы бірнеше кеме шабуылға ұшырады, деп хабарлайды БелТА.

Ормуз бұғазында бірнеше кеме шабуылға ұшырады
Фото: Рixabay

Әзірге шабуылға ұшыраған кемелердің қай елге тиесілі екені туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Сондай-ақ Иранның оңтүстігіндегі Бендер-Аббас, Конарак, Чабахар қалалары мен Ларак аралында бірнеше жарылыс болды.

Жарылыстар зымыран соққылары салдарынан болған. Конаракта кемінде 4, ал Чабахар маңында шамамен 6 жарылыс тіркелген.

Айта кетейік, АҚШ пен Иран бір-біріне қайтадан шабуыл жасады.

Сонымен қатар Иран билігі Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өтуі дәл қазір мүмкін емес екенін ескертті.