Өрт 42 жастағы азаматтың өмірін қиды - Екібастұз

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат -  Екібастұз қаласында орын алған өрт 42 жастағы азаматтың өмірін қиды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
None
None

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, бүгін таңға жақын Екібастұз қаласында  4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. 6 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалын орнынан 42 жастағы азаматтың мүрдесі табылған.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 5 маман мен 1техникасы және Екібастұз қалалық жедел құтқару отряды мемлекеттік мекемесінің  3 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар