Өрт қаупі, 40 градус ыстық: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жасады
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірқатар өңіріне ауа райына байланысты ескерту жасады.

Астанада 17 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық болады.
17 маусымда күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. 17-19 маусым күндері күндіз 35-39 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
17 маусымда күндіз Атырау облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
17 маусымда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз ыстық 35-38 градусқа дейін барады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
17 маусымда күндіз Түркістан облысында 40-43 градус аптап ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
19 маусымда күндіз Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде 40 градус ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
17 маусымда Абай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус ыстық болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
17 маусымда Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
17 маусымда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 17-22 м/с.
17 маусымда күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Батыстан соққан жел оңтүстіккке ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40-44 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
17 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ жауады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
17 маусымда күндіз Павлодар облысында 35 градус ыстық. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
17 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында, солтүстігінде, күндіз батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұршақ жауып, дауыл тұрады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 25 м/с. Күндіз 35 градус ыстық. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
17 маусымда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
17 маусымда Қостанай облысыңың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жылдамдығы 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
17 маусымда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Күндіз облыс бойынша 40 градус ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
17-19 маусымда күндіз Алматы облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.