09:36, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Өрт қызметі Семейде бес мектепті жапқалы отыр
СЕМЕЙ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейдің Өртке қарсы мемлекеттік қызметінің қызметкерлері қаладағы бес мектепті пайдалануға тыйым салу туралы Шығыс Қазақстан облыстық экономикалық сотына материалдар әзірлеуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өрт қызметі бір ай бойына қаладағы 46 мектепті, қыздар гимназиясын және экономикалық лицейді тексерді. Нәтижесінде, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзудың 552 фактісі анықталып отыр.
№ 8,10,13,32 мектептер мен қыздар гимназиясында комиссия автоматты дабыл жүйесін таппаған, есесіне өрт сөндіргіш құралдың жоқтығы, өртке су себетін түтік құбырлардағы ақаулар, басқа да кемшіліктер анықталған. Осылардың барлығы мектептерді жабуға себеп болып отыр. Қалалық білім бөліміндегілер қалыптасып отырған жағдайды қаржының жетіспеушілігімен түсіндіреді. Бөлім бастығының орынбасары Николай Пивкиннің айтуынша, өткен екі жылда қала мектептеріне өртке қарсы қауіпсіздікті қамитамасыз етуге 56 миллион теңге бөлініп, оларға өрт сөндіруге қажетті құрал-жабдықтар сатып алынған. Бірақ Семей өңірінде 70-тен астам мектеп бар және оларды бір мезетте барлық қажетті құралдармен толық қамтамасыз ету мүмкін емес.