Өрт оқиғалары Ресей ормандарына 300 миллиард доллардан астам шығын келтірді - «РИА «Новости»
АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Орман өрттеріне байланысты апаттың салдарынан және орман-тоғайды мемлекеттік басқару жүйесінің жоқтығынан, биылғы жазда ормандарға келтірілген шығын 300 миллиардтан астам долларды құрады. Ресейдің Тұмса табиғатты қорғау орталығының бас директоры Алексей Зименко бейсенбі күні баспасөз мәслихатында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.
«Есептеулер бойынша, тілсіз жаудан келген экономикалық шығын орман-тоғайдың әр гектарына 25 мың доллардан келіп отыр. Осылайша, ел аумағында орман-тоғайды қорғаудың пәрменді жүйесінің жоқтығы биылғы жылы ең жоқ дегенде 375 миллиард долларға түсіп отыр», - дейді Зименко.
Экологтар өз есептеулерін өрт мониторингімен айналысатын дүниежүзілік орталықтың деректеріне негіздеп отыр. Орталықтың мәліметтеріне сүйенсек, ағымдағы жылдың басынан бастап тамыздың 13-іне дейінгі аралықта Ресейдің табиғи аумақтарында өрт болған аудан 15 миллиондай гектарды құрайды.