Өрт салдарынан 2 адам қаза тауып, 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді

None
None
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Маңғыстау мен Ақмола облыстарында орын алған өрт салдарынан 2 адам қаза тауып, 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді,

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, бүгін түнде Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында күзет орнына арналып жасалған вагон өртеніп, тілсіз жау 1,5 сағаттың ішінде сөндірілді. 20 шаршы метр аумақты шарпыған өрт орнынан 46 жастағы Өзбекстан Республикасы азаматының денесі табылды.

Қызыл жалынды сөндіруге ҚР ТЖМ Маңғыстау облыстық ТЖД жеке құрамының 5 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Бүгін түнде Көкшетау қаласында 5 қабатты тұрғын үйдің жертөлесі өртенді. 8 шаршы метр аумақты шарпыған өрт салдарынан үйдің кіре берісі мен бірқатар пәтерлерге түтін тарады. №38 пәтерден 48 жастағы адамның денесі табылды. Сонымен қатар иіс тиген 2 әйел ауруханаға жеткізіліп, 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Тілсіз жауды сөндіруге ҚР ТЖМ Ақмола облыстық өрт сөндіру қызметінің 21 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram