Өрт сөндірушілер оқиға орнына дер уақытында жетуі үшін Астанаға қосымша 10-нан астам депо қажет

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Өрт сөндірушілер оқиға орнына дер уақытында жетуі үшін Астана қаласына қазіргі уақытта қосымша 10-нан астам депо қажет.
None
None

Бұл туралы бүгін елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің 2009 жылғы жұмысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында мекеме бастығының орынбасары Валерий Зайцев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

В.Зайцевтың атап көрсеткеніндей, талап бойынша әрбір өртке қарсы бөлімшенің қызмет атқаратын аумағы 2 шақырымнан аспауы тиіс. Ал қазіргі уақытта Астана қаласында бұл жағдай 6-8 шақырымды құрап отыр. Бұл - өрт сөндірушілердің оқиға орнына дер уақытында жете алмауының бірден бір себебі.

«Өрт орнына құрылымдар 3 минуттың ішінде жетуі тиіс, біз оған жолдардағы кептелістерді ескергенде 15 минут және одан да көп уақыт жұмсаймыз», - деді ол.

Сондай-ақ оның айтуынша, ережеге сәйкес халық санының әр 10 мыңына шаққанда әскери дайындық жағдайында суға толы 70 автоцистерна тұруы тиіс. Астана халқының қазіргі санына шаққанда мұндай автоцистерналардың саны - 140-ты құрауы керек. Бүгінгі күні елордада олардың тек 25-і ғана бар.

Ал аталмыш Департаменттің бастығы Жұмабай Ескендіровтың айтуынша, Астана қаласының бас жоспарына сәйкес елордадағы өртке қарсы құрылымдардың саны - 21 болуы қажет, қазір олардың саны - 9.

Айта кетейік, бүгінгі күні ТЖД-ның жеке құрамында 1091 өрт сөндіруші мен 117 бірлік техника бар.

Соңғы жаңалықтар