Өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден 17 адамды аман алып шықты

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM – ТЖМ өрт сөндірушілері өрт кезінде 17 адамды құтқарды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден 17 адамды аман алып шықты
Фото: Видеодан алынған скрин

Ақмола облысының Көкшетау қаласында екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің электр қалқанында өрт шыққан. 

Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері өртті 6 шаршы метр аумақта жедел түрде сөндірді.

Кіреберістегі қатты түтінденуге байланысты ТЖМ қызметкерлері үш буынды сатының көмегімен терезе ойықтары арқылы 17 адамды, оның ішінде 5 баланы құтқарып қалды.

Айта кетелік құтқарушылар үйге шырша орнатқан кездегі қауіпсіздік шараларын түсіндіріп берген еді

 

Соңғы жаңалықтар