Орта дәліз жобасы бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз — Фрэнк Бруно
НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — Cerberus Capital Management компаниясының бас атқарушы директоры Фрэнк Бруно Мемлекет басшысымен кездескенде Орта дәліз жобасы бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

— Бүгін Президентпен және оның командасымен өте жемісті кездесу өткіздік. Ол бізге Қазақстан экономикасына қатысты көзқарасын жеткізіп, Әділетті Қазақстан тұжырымдамасы туралы айтты. Сонымен қатар Президент жасанды интелект, атом энергетикасы және ел экономикасын одан әрі жандандыру жайындағы ойымен бөлісті. Cerberus компаниясының бұл салада тәжірибесі мол. Осыған орай Орта дәліз жобасы бойынша бірлесе жұмыс істеуді ұсынамыз. Сондай-ақ энергетика, транзит, телекоммуникация, жасанды интеллект және басқа да маңызды салаларға басымдық береміз. Бұл қадамдар Қазақстанның экономикасына және халықтың әл ауқатын арттыруға септігін тигізеді, — деді Cerberus Capital Management компаниясының бас атқарушы директоры Фрэнк Бруно.
Айта кетелік Мемлекет басшысы Cerberus Capital Management компаниясының бас атқарушы директоры Фрэнк Бруноны қабылдаған еді.