Орта мектепті тәмамдағандар бірден сырттай оқуға түсе алмайды - Б. Жұмағұлов

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат / Руслан Ғаббасов / - Орта мектепті тәмамдағандар бірден сырттай оқуға түсе алмайды.
None
None

Бүгін Үкіметте техникалық және кәсіби білім беру жүйесінде сапаны арттырудың іс-қимыл жоспарын таныстыру кезінде Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осылай айтты.

Сырттай білім беру контингентін төмендету мәселесіне тоқталған министр, бұл шаралар кәсіби техникалық білім алғандардың жаппай жоғары оқу орындарына сырттай білім алуға ауысуына жол бермес үшін қарастырылып отырғандығын жеткізді. Осы тұрғыда министрлік орта мектеп базасында білім алғандардың бірден сырттай оқуға түсуіне тыйым салуды ұсынды. Сонымен қатар техникалық және кәсіби білім беру орындары түлектерінің жоғары оқу орындарына түсу кезінде міндетті түрде орталықтандырылған тестілеу енгізу ұсынысы да жасалды. «Бүгінде колледждер мен техникалық және кәсіби білім беру орындарын аяқтағандар жоғары оқу орнына ешқандай емтихансыз қабылдануда», - деп ескертіп өтті Бақытжан Жұмағұлов.

Соңғы жаңалықтар