18:46, 15 Қараша 2025 | GMT +5
Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары Ислам өркениеті орталығына барды
АСТАНА. KAZINFORM — Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттерінің басшылары Ислам өркениеті орталығын аралады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президенттерге орталық ислам өркениетінің бір бөлшегі саналатын Өзбекстанның бай мәдени-рухани мұрасын терең зерттеу және насихаттау мақсатында құрылғаны жөнінде баяндалды.


Мұндағы ең басты жәдігер – Осман Құраны. Ал оның жан-жағында Құран сүрелерінің санына сәйкес 114 ежелгі кітап қойылады.


Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан басшылары Ислам өркениеті орталығына келгенін жазғанбыз.