17:15, 29 Қаңтар 2024 | GMT +5
Орталық Азияның ең қымбат қалалары анықталды
АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылдың алғашқы айындағы деректер бойынша Numbeo рейтингісінде Алматы Орталық Азиядағы «ең қымбат қала» мәртебесін иеленді.

Numbeo рейтингісі 2009 жылдан бері жүргізіліп келеді. Рейтингтер жалға берілетін тұрғын үй бағасы, азық-түлік, қоғамдық тамақтандыру бағасы және басқа да факторларды ескере отырып, пайдаланушылардың пікірлері негізінде қалыптасады.
2024 жылдың қаңтар айы бойынша Алматы Орталық Азия қалаларының арасында көш бастап тұр. Рейтингте Астана екінші, ал Ташкент пен Бішкек үшінші және төртінші орындарға жайғасқан.
Ал жалпы Азияны алатын болсақ, Қазақстанның қалалары тек бесінші ондыққа кіреді. Ең қымбат қала – Сингапур.