Орталық депозитарий клиенттерді ресейлік бағалы қағаздарды шығарып алуға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM – «Орталық бағалы қағаздар депозитарийі» АҚ өз клиенттеріне ресейлік бағалы қағаздарды айналымнан шығаруға шақырған хаттар жіберді. Ұйым басшылығы мұндай қадамды АҚШ-тың Ұлттық есеп айырысу депозитарийіне қарсы блоктау санкциясының енгізілуімен байланыстырып отыр.

Бағалы қағаздар
Фото: Pixabay

Орталық депозитарий таратқан ақпаратқа сүйенсек, әңгіме NSD есебіндегі RU ISIN коды бар бірқатар бағалы қағаздарға қатысты.

«Орталық депозитарийдің хатында 2024 жылдың 10 тамызына дейінгі мерзім көрсетілген. Бұл мерзім Орталық депозитарийдің өзі клиенттерден нұсқауларды қабылдау және өңдеу үшін уақытты талап ететіндіктен белгіленіп отыр, - делінген Орталық депозитарийдің хабарламасында.

Клиенттерге 2024 жылдың 10 тамызынан кейін RU ISIN коды бар бағалы қағаздарға тапсырыстарды орындауда шектеулер мен қиындықтар туындауы мүмкін екені ескертілген.

Клиенттердің нұсқауларын өңдеу кезінде Орталық депозитарий олардың орындалу мүмкіндігін салынған блоктау санкцияларының нәтижесінде туындауы мүмкін тәуекелдер мен салдарларды бағалау тұрғысынан қарайтын болады.

Соңғы жаңалықтар