Орталық мемлекеттік органдар арасындағы республикалық Спартакиада ресми ашылды
АСТАНА. KAZINFORM – Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында орталық мемлекеттік республикалық Спартакиаданың ашылу салтанаты өтті.

Туризм және спорт министрлігі мәліметінше, биылғы бәсекеде 26 мемлекеттік мекеменің қызметкерлері жүлдеге таласып жатыр.

– Бұл жарыстың басты мақсаты - спорт арқылы ұжымдық рухты нығайту, салауатты өмір салтын дәріптеу және мемлекеттік қызметкерлер арасындағы достық пен сыйластықты арттыру. Биылғы додада 20-дан астам командадан 1000-ға жуық қатысушы өзара мықтыны анықтайды. Барлықтарыңызға сәттілік, әділ бәсеке және жарасымды жеңістер тілеймін, - деді ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин.

Сайысқа қатысушылар 4-7 қыркүйек аралығында волейбол, футзал, қазақ күресі, үстел теннисі, қол күрес, тоғызқұмалақ, шахмат, 3х3 баскетболдан сынға түседі.

Бұған дейін ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Қазақстандағы пара хоккей спортының дамуы жайлы айтқан болатын.