Орталық Азия елдері жаңа академиялық мобильділік орталығына айнала алады – Саясат Нұрбек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда «Əлемдік білім беру кеңістігіндегі трансұлттық өзара əрекеттестік» атты VI Орталықазиялық халықаралық форумы өтіп жатыр.
None

Онда Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек форумға қатысушыларға Қазақстан қандай жоғары білім беру моделін таңдау керектігін шешуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемдік тәжірибеге қарасақ, бірнеше модельдер қалыптасып келеді, яғни, континенттік және әлеуметтік. Бұл ретте білім беру жүйесі әлеуметтік функция ретінде қарастырылады, яғни, ақысыз, жалпыға қолжетімді, орталықтандырылмаған және ашық болады. Бұл дегеніміз англо-саксон моделі. Мұнда нарықпен жұмыс істейтін, нарық пен нақты жұмыс берушінің сұранысына сәйкес өз бағдарламасын икемді ететін жеке университеттерге басымдық беріледі. Мобильділік моделі – ол Жапонияның, Оңтүстік Кореяның, Қытайдың білім беру жүйесі», - деді Ғылым және жоғары білім министрі.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 120 университет бар, олардың көпшілігі жекеменшік (55%). Ал студенттердің жартысынан көбі (60%) жекеменшік жоғары оқу орындарында оқиды.

«Мемлекеттік білім беру стандарттары, үлгілік оқу бағдарламалары арқылы министрлік стандарттарды әзірлейді. Білім беру қызметінің үлкен үлесін ұсынады. Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті арқылы білім беру қызметінің орындалу сапасын бақылайды», - деді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ, министр қазіргі таңда еліміз демографиялық қысымда тұрғанын айтты.

«Елімізде қазір өте үлкен демографиялық қысым байқалады. Қазақстанда соңғы екі жылда рекордтық туу көрсеткіші тіркелді, яғни, 2021 жылы 456 мың бала және 2020 жылы 426 мың бала өмірге келді. Мұндай демографиялық қысымды басқа да елдер өткеруде. Көші-қон ағыны күшеюде. Сондай-ақ біз бүгінде жоғары оқу орындарын іздеп жүрген абитуриенттер мен студенттердің саны өскенін көріп отырмыз. Осы орайда Орталық Азия елдері жаңа академиялық мобильділік орталығына айнала алады. Оған әлеуеті жеткілікті»,- деді ол.

Спикер сондай-ақ цифрландыру мәселесіне де назар аударды.

«Қазіргі таңда академиялық инфрақұрылымға тартылған инвестиция нәтиже бермейді. Біз қазіргі демографиялық қысым уақытында кампустар мен инфрақұрылымды салуға үлгермей жатырмыз. Сондықтан пандемия кезіндегі үлкен сабақты ескере отырып, цифрландыру қосымша оқу құралы ғана емес, базалық қажеттілік болып табылатынын айту керек. Гибридті оқыту форматын, аралас оқыту форматын өте байыпты түрде қайта қарау керек. Біз биылғы жылы онлайнға үлкен мән беріп отырмыз. Қазақстанда онлайн білім беру тұжырымдамасы заңнамалық түрде енгізілді», - деді Саясат Нұрбек өз сөзінде.

Министр сондай-ақ Қазақстан Болон процесінің бақылау тобының (BFUG) тең төрағасы болып табылатынын айтты. Сондай-ақ, Қазақстанда BFUG өкілдігін ашу туралы декларация қабылданды.

«Біз Орталық Азиядағы үлкен білім беру кеңістігін үдемелі түрде дамытатын боламыз», - деді ол.

Ол Қазақстандағы барлық жоғары оқу орындарының академиялық мобильділігін дамытуға мүмкіндігі бар екенін айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейін шетелдік жетекші университеттердің бес филиалын ашу жоспарланған болатын. Біз өткен жылы Алматыда De Montfort University Kazakhstan университетінің филиалын аштық, 2 қыркүйекте Атырауда И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалын аштық, 12 қыркүйекте Алматыда «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы ашылды. Жақында Петропавлда Аризона университетінің филиалы ашылды. 2023 жылы Астанада Michigan State University педагогикалық университетін ашу жоспарланып отыр. Сапалы білім алуға сұраныс бар. Үлкен өзгерістерге, көші-қон қиындықтарына, көші-қон визалық процестеріне байланысты сапалы жоғары білім алуға сұраныс бар. Білім алу үшін шетелге барудың орнына, біз өз кеңістігімізді ашып, демографиялық қысымды пайдалана отырып, үлкен шетелдік жоғары оқу орындарын нарыққа қол жеткізуге шақырамыз», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар