00:48, 05 Мамыр 2017 | GMT +5
Орталық Азияда бір тәулікте бесінші рет жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 2017 жылдың 4 мамыр күні Алматы уақытымен 22 сағат 16 минут 59 секундта жер сілкінісін тіркеді. Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 794 км аймақта, Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасында болды.
«Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.8. Магнитудасы MPV 5.3»,-делінген «Алматы» СББО кезекші операторының хабарламасында.
Осыған дейін хабарланғанындай, Орталық Азия аумағында, нақтырақ айтқанда, Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара аймағында, Душанбеден солтүстік шығысқа қарай Қырғызстан аумағында бір тәулікте 4 жер сілкінісі тіркелді.