14:41, 27 Маусым 2016 | GMT +5
Орталық Азияда бүгін алтыншы мәрте жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 27 маусымда сағат 13:34 минутта «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансасы желісі жер сілкінісін тіркеді.

Тәжікстан, Қытай мен Қырғызстан шекарасы аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 506 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісі энергетикалық класы - 10,6. Тербелісі - 5,0. Тереңдігі - 5 шақырым. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілмеді.