Орталық Азиядағы қағаз, картон және орауыш заттарының ірі өндірушісі операциялық қызметін қайта құрылымдады
АЛМАТЫ. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Kagazy Recycling» ЖШС компанияның операциялық қызметін қайта құрылымдағаны туралы баспасөз мәлімдемесін таратты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Біздің компания Қазақстандағы қағаз, картон және орама заттарының жетекші өндірушісі саналады. Соңғы бірнеше жылдың ішінде нарықта көшбасшылық ұстанымға ие болдық. Біз соңғы қаржылық дағдарыстың жағымсыз әсеріне төтеп бере алдық және одан аз шығынмен шықтық. Сондай-ақ негізгі бәсекелестермізге қарағанда барынша қолайлы қаржылық тиімділікке ие болдық. Ал біздің кейбір бәсекелестеріміз өндірісті қысқартса, кейбірі өз жұмысын тоқтатты", дейді "Қазақстан қағазы" өнеркәсіптік тобына кіретін «Kagazy Recycling» ЖШС-нің Бас директоры Ирина Евтушенко.
Компания менеджменті 3 ай бұрын операциялық менеджмент және қайта құрылымдау саласындағы жетекші халықаралық кеңесші АlixPartrners компаниясын ынтымақтастыққа шақырған болатын. Ұлыбритания мен Германия қағаз өнеркәсібінің тәжірибелі мамандары оларға сауда жүйесін қайта құруға бағытталған бастамалар сериясын жасауға көмектесті. Компания бұл шаралар шығынды азайтып, кіріс пен маржалық табысты арттыруға көмектеседі деп санайды.