Орталық Қазақстан кіші аймағы құрылады

Бұл туралы «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ Астана филиалы директорының бірінші орынбасары Қазбек Матаев Қарағандыда әзірленіп жатқан құжаттың таныстырылымында мәлім етті.
Қазақстанның орналасуының жалпы жүйесінде Қарағанды облысының елді мекендері орталығы Қарағанды қаласы болып табылатын Сарыарқа аймағының Орталық Қазақстан кіші аймақтарына біріктіріледі, деп хабарлады Қ. Матаев.
Әзірлеушілердің мәліметтеріне қарағанда, 2012 жылдың басында кіші аймақ тұрғындарының саны соңғы 13 жылда 5%-ға азайып, шамамен 1,36 млн адамды құрады.
«Орналасу жүйесінде ерекше орынға ие Қазақстанның төртінші қаласы, 875 мың тұрғыны бар Қарағанды қалалық агломерациясы - оның орталығы болып табылады. Болашақта «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша Қарағанды агломерациясы Щучье-Бурабай курорттық аймағымен қатар Астана агломерациясы өсуінің желілік аймағына біріктірілетін болады», - деді К. Матаев.
«Орталық Қазақстан кіші аймағында облыс орталығынан шалғай аудандардың келесі ауданаралық орналасу жүйесі ұйымдастырылады: Жезқазған -орталығы - Жезқазған қаласы, құрамында Жезқазған, Сәтпаев қала агломерациялары, Ұлытау мен Жаңаарқа аудандары; Балқаш -орталығы Балқаш қаласында, құрамында Ақтоғай мен Шет аудандары болады», - деп атап өтті «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ Астана филиалы директорының орынбасары.