Орталық тапсырған жұмысты жергілікті билік атқарса оның сапасын халық бағалауы тиіс - депутат А.Соловьева

АСТАНА. 5 қараша. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Орталық тапсырған жұмысты жергілікті билік органдары атқарса, ол жұмыстың сапасын халық бағалауы тиіс. Бүгін Астанадағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде басталған «Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы аясында аймақтардың тұрақты дамуының негізі ретінде жергілікті өзін-өзі басқару» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева осылай айтты.

Орталық тапсырған жұмысты жергілікті билік атқарса оның сапасын халық бағалауы тиіс - депутат А.Соловьева

Оның айтуынша, бүгінгі таңда жергілікті жерлерде қолға алынған іс-шаралар нәтижелі болуы үшін қоғамдық бақылауды күшейту қажет. «Себебі халықтың бағасы ол - шынайы баға. Сондықтан орталық тапсырған жұмысты жергілікті билік органдары атқарса, ол жұмыстың сапасын халық бағалауы тиіс. Мәселен, Президент ауыз су мәселесі бойынша нақты тапсырма берсе, жергілікті атқарушы органдар осы тапсырманың үдесінен шығуы тиіс. Ал оның ашық әрі шынайы бағасын халық беруі міндет. Міне, сонда ғана бізде өзін-өзі басқару қағидаты жұмыс істейтін болады», - дейді депутат.