Орталық Тянь-Шань шыңдарының бірі елорданың құрметіне аталмақ

АЛМАТЫ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Екатерина Ионова/ - Үстіміздегі жылғы шілденің 1-інде «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов бастаған бір топ қазақстандық альпинист Орталық Тянь-Шанның атауы жоқ шыңына өрмелеп шықты. Бұл шыңды Қазақстанның елордасының туған күніне орай «Астана» деп атау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Алматы қаласында өткізілген арнайы баспасөз мәслихатында М.Елеусізов мәлім етті.
None
None

Экспедицияға сегіз және жетімыңдықтарды бағындырған Мақсұт Жұмаев, Александр Софрыгин, Александр Рудаков, Василий Пивцов, Ержан Жабыльев сынды қазақстандық альпинистер қатысты.

М.Елеусізовтың айтуынша, бұл үшін кез-келген аз ғана дайындықпен келген адам шыға алатындай етіп, биіктігі 4 555 метр болатын қолжетімді шың таңдалды.

«Шамамен тамыз айында біз осы шыңға қайта шығып, ол жерде естелік тақта орнатуды жоспарлап отырмыз. Біз кез-келген комиссияға барып, бұл шыңының әлем карталарында белгіленетіндей етіп, ресми анықтама аламыз», - деп атап өтті Экологиялық одақ басшысы.

Соңғы жаңалықтар