Орталық және Шығыс Еуропа банктерін қайта капиталдандыруға 120 миллиард доллар қажет - Дүниежүзілік банк

ВАШИНГТОН. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің қаржы институттарын қайта капиталдандыруға 120 миллиардқа жуық АҚШ доллары қажет,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дүниежүзілік банк ұйымдарының тобы, оның ішінде Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы және Инвестициялар кепілдіктері бойынша көпжақты агенттік бар, қаржы дағдарысын еңсерудің стратегиясын әзірледі. Ұсынылып отырған шаралардың ең маңыздысы ретінде банктерді қайта капиталдандыру қажеттілігі аталып отыр. Оған қоса, экономистер үкіметтер сауданы дамытуға қолдау көрсетуі, әлеуметтік қорғау жүйесін нығайтуы, инфрақұрылымдарды дамытулары және банктерге саяси тәуекелдерден қорғау кепілдіктерін берулері керек деп санайды. Дүниежүзілік банк дамыған елдерді экономиканы ынталандыру жөніндегі шараларды қаржыландыруға бөлінген қаржының 0,7 пайызын дамушы елдерге көмек көрсетуге арналған Осалдықты төмендету арнайы қорына аударуға шақырып отыр. Халықаралық қаржы корпорациясы өткен жылдың желтоқсан айында Азияда, Таяу Шығыста және Солтүстік Африкада, Африканың оңтүстігіндегі Сахараға дейінгі аралықта, Оңтүстік Америка және Кариб өңірі, сондай-ақ Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде ликвидтілік жетіспеушілігін бастан кешіріп отырған банктерді нығайту мақсатында жаңа Қайта капиталдандыру қорын құрған болатын. Белгіленген ережелер бойынша, бір банкке Қор қаражатының 10 пайызынан артық берілмейді, бір ел - 20 пайыздан, ал аймақ 25 пайыздан артық ала алмайды.
Соңғы жаңалықтар